Германияда жұмыс істеу – жұмыс істеуге және уақытша тұруға рұқсат алу

Бүкіл әлемнен жиналған мамандар үшін Германияда жұмыс

Германияда білікті мамандар жетіспейтін, иммиграция үшін танымал және тартымды ел болып табылады. Біз шетел мамандарына Германияда жұмысқа тұруға көмектесу арқылы мамандардың жетіспеушілігімен күресуді өз алдымызға мақсат еттік. Сондай-ақ біз Германияда тұру және жұмысқа тұру жолындағы бюрократиялық тосқауылдарды енсеруде өз қолдауымызды ұсынамыз.

Германияда жұмысқа қабылдау туралы өтініш бересіз бе? Бізбен ол өте оңай!

Біздің интернет платформамыз арқылы жұмыс берушілер шетел мамандарын тауып, олармен байланыса алады. Мамандар үшін жұмысқа қабылдау туралы өтініш беру үрдісі өте жеңіл:

  • Employland сайтында тіркелгеннен кейін, сіз жеке профайлыңызды толтырып, оны тегін жариялай аласыз. Біздің онлайн формулярымызда Германиядағы компаниялар үшін барлық маңызды деректерді енгізуіңізді сұраймыз.
  • Сіздің жеке профайлыңыз бойынша Сізді бүкіл Германия бойынша жұмыс берушілер таба алады. Профайлдың барлық деректерін тек Employland сайтында тіркелген жұмыс берушілер ғана толықтай көре алады.
  • Алғашқы болып Employland сайтында әрқашан жұмыс беруші байланысады, сондықтан толықтай толтырылған профайл аса маңызды болып табылады. Employland сайтында ұйымдардың атынан берілген жұмысқа жалдау туралы хабарландырулар жоқ.

Мамандарға жұмыс іздестірудегі делдалдық әрқашан да тегін; тек жұмыс беруші ғана ақы төлейді.

Виза, жұмыс істеуге рұқсат алу және біліктілігін мойындау

Азаматтығы мен тұрғылықты жеріне байланысты түрлі мекемелерге түрлі қолдаухаттар беру қажет. Бұл, мысалы, ықтияр хат немесе кәсіптік не жоғары білімді мойындау тәртібі болуы мүмкін. Бұл ретте біз Сізге қолдау көрсетеміз. Әдетте, сіздің болашақ жұмыс берушіңіз мұндай жағдайда туындайтын шығындарды өтейді.

Неміс тілі

Кәсіби және заңды алғышарттардан басқа Сіз Германияда жұмыс істей алатындай жеткілікті деңгейде неміс тілін меңгеруіңіз керек. Белгілі бір мамандықтар үшін жұмыс істеуге рұқсат алу кезінде тілді меңгеру жөніндегі сертификатты ұсыну қажет болады. Германияға тезірек бейімделу, дос-жаран табу және бос уақытты белсенді ұйымдастыру үшін неміс тілін жақсы білгені маңызды.

Германиядағы еңбек нарығының талаптарына сәйкес біз тек қана неміс және ағылшын тілдеріндегі платформаны ұсынамыз. Егер сіз онлайн профайлыңызды толтырғанда қиындықтарға тап болсаңыз, біз неміс тілі курсына қатысуды табандылықпен ұсынамыз.

Осы беттің төменгі жағында сіз өз туған еліңізде қандай мектептер неміс тілі сабақтарын ұсынатынын біле аласыз. Мектептің өзінде қажетті емтихандардың қабылданатын-қабылданбайтынын және Германия билігімен мойындалған сертификаттың берілетін-берілмейтінін біліп алыңыз.

Мына жерден неміс тілін оқуыңызға болады:

Неміс тілін онлайн оқу

Бүкіл әлемдегі неміс тілі курстары

Неміс тілі курсын табу және өзіңіздің маңайыңызда неміс тілі бойынша емтихан тапсыру үшін елді таңдаңыз.

Өкінішке орай, бұл елде сіз неміс тілін үйренуге немесе неміс тілі бойынша емтихан тапсыруға болатын бірде-бір мекеме бізге белгілі емес. Сіз мекемені білесіз бе?
Бізге хабарлаңыз.

Сіз осы жерде аталмаған неміс тілі курсына қатысуды немесе неміс тілі бойынша емтихан тапсыруды ұсынатын мекемені білесіз бе?
Бізге хабарлаңыз.

Almaty

Goethe-Institut Kasachstan
Do you know of a school with German courses or German tests that is not listed here?
Please let us know.